Диагностиканың кешенді бағдарламалары (CHECK-UP)
Диагностиканың кешенді бағдарламалары (CHECK-UP) — бұл талдаулар, қаралулар және дәрігер кеңесі көмегімен, ауруларды ерте кезеңінде анықтауға мүмкіндік беретін, ағзаның толық тексерісі. Осындай диагностика қауіпті аурулардың өршу қауіпін төмендетуге ықпалдасып, денсаулыққа уақытылы көңіл бөлуге, өмір салтын дұрыстауға және қажет болған жағдайда ем қабылдауға көмектеседі.

Бағдарлама халықаралық ұсыныстарға сай, өзіне зерттеулер мен кеңес алулардың оптималды мөлшерін қосады. Кешенді, профилактикалық қаралудан жылына кем дегенде 1 рет өту ұсынылады, әсіресе «LS Clinic»-тің CHECK-UP бағдарламасы бойынша, талдаулар, зерттеулер және дәрігерлер қызметтеріне жеңілдікпен қол жеткізуге болады!
CHECK-UP кімге қажет?
  • ағзаны сапалы түрде қарауға уақыт бөлу қиынға түсетін жандарға;
  • мерзімді түрде денсаулықтарына шағымданатын және нашар жағдайының нақты неліктен туындағанын білмейтін жандарға;
  • тұқым қуалайтын аурулар бойынша қауіп зонасындағы жандарға;
  • созылмалы аурулары бар жандарға;
  • нәресте жоспарлаған жұптарға;
  • зиян әдеттері бар жандарға (ішімдік, темекі);
  • ағзаларына жиі физикалық күштеме түсіретін спортсмендерге;
  • қолайсыз экологиядағы қалаларда мекендейтін жандарға.
Тексерілу қалай өтеді
1
1 қадам
«LS Clinic» терапевтімен кездесу. Дәрігер сіздерді барлық диагностика кезінде «жетелейді». Қабылдау кезінде ол сіздердің денсаулықтарыңыздың жағдайын бағалап, тексеру жүргізеді және қаралу жоспарын құрады. Терапевт денсаулық бойынша сіздердің жеке «гидтеріңіз» атанып, барлық қызықтырған сұрақтарға жауап береді
2
2 қадам
Сіздер барлық қажетті тексерілулерден өтесіздер. Артықшылық болып табылатын, өзінің жеке зертханасы, талдауларды жинау кабинеті және диагностикалық кабинеттері бар, чекап бір клиника ғимаратында өткізіледі.
3
3 қадам
Диагностика аяқталғаннан соң, сіздер қайта терапевт қабылдауына барасыздар. Дәрігер өткізілген талдаулардың және зерттеулердің қорытындысын айқындап, толықтай айтып береді. Дәрігер диета ұсынады, физикалық күштемелерді нақтылайды және денсаулықты жақсарту кеңестерін береді. Қажет болған жағдайда, дәрігер белгілі бір саланың маманына жібереді, ауру айқындалған жағдайда емдеу шараларын тағайындайды. Сіздер қолдарыңызға өткізілген тексерілу нәтижелерінің толық есебін аласыздар.
Ағзаға теріс факторлардың айтарлықтай әсерін ескере келе (аз қозғалысты өмір салты, бұрыс тамақтану, күйзелістер, үлкен көлемдегі канцерогендермен қоршаған ортаның ластануы), өздеріңіздің денсаулықтарыңызға мұқият болыңыздар және жүйелі түрде тексерілулерден өтіңіздер.
Сіздерге диагностика соңында барлық өткізілген талдаулар, кеңес беру хаттамасы және аппаратты зерттеулер суреттері бекітілген, нәтиже бойынша толық есеп береді.
Сонымее қатар, қажет болған жағдайда біз жайлы режимде науқастарға алдағы емдеу немесе ауруханаға жатқызу ұйымдастырамыз.

«LS Clinic»-тің CHECK-UP бағдарламалары
Ер азаматтар әйелдерден қарағанда дәрігерлерге сирек жүгінеді, және, өкінішке орай, жиі қабылдауға асқынған аурумен келеді. Дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыздар.
Әйелдің жақсы көңіл-күйі және мықты денсаулығы отбасылық әл-ауқаттың кепілі. Әйел денсаулығы ағзаның бірнеше жүйесі дұрыс жұмыс артқаруына бірдей тәуелді.
LS Clinic
Mәзір

Жұмыс кестесі

  • ДҮ-ЖҰ: 08:00 — 20:00
  • СЕ: 08:00 — 18:00
  • ЖЕ: 10:00 — 18:00
Контактілер


Пациенттерге көмек көрсету үстелі

Медициналық қызметке лицензия 2010 жылғы 27 қазандағы № 0106703
Фармацевтикалық қызметке лицензия 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 0106501
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке 2017 жылғы 17 тамыздағы № 17014394 лицензия.
2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 17077755 иондаушы сәулеленуді тудыратын құрылғылар мен қондырғыларды өңдеуге арналған лицензия.
«LS Clinic» емдеу-диагностикалық орталығы Алматы
© 2022 Барлық құқықтар қорғалған