Транскраниалды магниттік ынталандыру (ТКМЫ)
Жалпы ақпарат
ТМЫ — бас және жұлын миына, әрі жүйке ұштарына бағытталған ынталандыратын магниттік өрісті жіберу арқылы, бейинвазивті және ауыру сезімін мүлдем тудырмайтын процедура.
Осындай ынталандыру мақсаты — олардың функционалдық жағдайын өзгерту.
Процедуралар негізгі блок пен индуктордан тұратын, транскраниалды магниттік ынталандыру аппараты көмегімен жүзеге асады.
Электр тогы индуктор катушкасы арқылы өткен кезде, шоғырланған магниттік өріске айналады.
Қажет болған жағдайда нәзік ұлпалар мен бас сүйегіне оңай еніп, мидың терең облыстарына, жүйке жүйесіне және ОЖЖ перифериялық бөлімдеріне әсерін тигізу үшін, оның ену тереңдігі айтарлықтай терең.
Бұл жағдайда ТМЫ — бейинвазивті, физикалық араласусыз осындай шараларды қолдануға мүмкіндік беретін, жалғыз емдік-диагностикалық әдістеме.
ТМЫ түрлер
1.Жеке ынталандыру әсері;
Ол өткізу жолдарында зақымданудың дәрежесін және орнын анықтауға көмектеседі.
2.Ырғақтық ынталандыру әсері
Жеке ынталандыру әсері негізінде маман
ырғақтық ынталандыруды қолдана, ТСЫ терапевтикалық ьағдарламасын құрайды.
Өткізу көрсетілімдері

Қазіргі уақытта масштабты зерттеулер жүргізілуде, олардың мақсаты — бұл әдістемені диагностика мен емдеуде қолдануда жаңа мүмкіндіктерді ашу.
Қазіргі күнде келесі жағдайлар бойынша мидың транскраниалды магниттік ынталандыруының әсері дәлелденген:
  • Ми қан айналымының ауыр ауытқуы (инсульт). Диагностикалық әдіс негізінде ТКСЫ қозғалу және сөйлеу функцияларының қалыпқа келу мүмкіндігін болжайды. Терапевттік әліс негізінде — салдықтың, бұлшық еттер қырысуының айқын деңгейін төмендету. Одан өзге, терапия афазия кезінде және инсульт салдарынан сөйлеу функциясының төмендеуінде әсерлі.
  • Паркинсона Ауруы. ТСЫ көмегімен қара субстанция нейрондары белсенді болады, ал олар дофамин гормонының бөлінуін ынталандырады.
  • Альцгеймер ауруы және деменцияның басқа үлгілері. Бұл әдісті қолдану науқастарда бастапқы және бірқалыпты деңгейін төмендетіп, когнитивті функцияларын жақсартуға мүмкіндік береді.
  • Шашыраңқы склероз. Бұл ауытқу кезінде, ТКЫМ қосымша диагностика және қозғалыс ауытқуларында терапия ретінде қолданылады.
  • Депрессиялық синдром. Бұл әдіс медикаментозды және психиатриялық терапия қажетті нәтиже әкелмегенде көрсетіледі. АҚШ-да ТСЫ «үлкен» депрессиялық ауытқу және мазасыз депрессиялық жағдай диагнозы қойылған науқастарға міндетті түрде көрсетілген.
Транскраниалды магниттік ынталандыру, сонымен қатар, балалардың келесі ауытқулар терапиясында айқын емдік әсерге ие:
  1. Аса белсенділік синдромы;
  2. Назар тапшылығы;
  3. Аутизм;
  4. Сөйлеу дамуының тежелуі;
  5. Психомоторлы дамудың тежелуі;
  6. Жыныстық дамудың тежелуі;
  7. Түрлі этиологиядағы неврологиялық аурулар;
Бұл тип үш тармақты жүйкеге әсер ету арқылы, бас миының қыртыстарына магниттік ынталандыруды жіберуге мүмкіндік береді.
Осындай процедураларды тіпті үй жағдайында өткізуге болады.
Осы жағдайда бұл терапия фармокологиялық препараттардан бас тарттырып, медикаментозды емдеудің альтернативті таңдауы болады.
Атап өтілген жағдайлардан басқа ТКСЫ көрсетілген:
  • бас сақинасында
  • бас ауруларында
  • тиннитуста (құлақтардағы шу)
  • дыбыс галлюцинацияларында;
  • бұлшық ет дистониясында.
Магниттік ынталандыруға қарсы көрсетілімдер
Магниттік ынталандыруға қарсы көрсетілімдер алуан және салыстырмалы
Біріншісіне тиісті:
  1. магниттік толқындар облысындағы металлды бөлшектері бар, шешілмейтін медициналық аппараттар — кардиоынталандырғыштар, есту аппараттары, ырғақ енгізушілері және т.б.
  2. Қатынас аймағында енгізілген, металлы бар медициналық қондырғылар (бас, мойын, кейде аймағы)
Салыстырмалы қарсы көрсетілімдер болып табылады:
  1. Науқас анамнезінде құрысу синдромдары болатын, аурулар және жағдайлар:
  2. жүктілік;
  3. қалтырау жағдайы.
Салыстырмалы қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, қолда бар көрсетілімдер мен мүмкін болатын қауіп деңгейін ескере, процедураның өтетінін немесе өтпейтінін дәрігер қабылдайды.

ТКМЫ процедурасы қалай өтеді
1
ТЫМ сеансы алдында науқасқа антидепрессант, ішімдік, есірткілік препарат, жоғары физикалық күштемеден бас тарту ұсынылады.
2
Процедура арнайы индуктор — койл қолдану арқылы өтеді.
3
Койл типін дәрігер қажетті қуат пен магниттік өріс концентрация шоғырлануын ескере таңдайды.
4
Науқастың терісіне физикалық контактісіз, индуктор ынталандыру аймағының үстінде орналастырылады.
5
Күтілетін диагностикалық немесе терапевттік әсер көрсеткіші бойынша, интенсивтілікті маман анықтайды.
6
Емдеу сеансының ұзақтығы 20 бастап, 40 минутты құрайды.
7
Ол өзіне 100 бастап, 200 дейін таңдалынған жиіліктің ырғақты импульсін қосатын, 1-3 сессиядан тұрады.
8
Көрсеткіштер мен ынталандыруға ағзаның әсерін ескере, сеанс көлемі мен жиілікті дәрігер жекеше қояды.
9
Әдетте курс өзіне күнделікті немесе екі-үш күнде бір рет өтетін, 7-10 процедура қосады.
Процедураның мүмкін жанама әсерлері
Көптеген жағдайларда транскраниалды магниттік ынталандыру, тіпті мектепке дейінгі жастағы науқастарда ешқандай ыңғайсыздық және жанама әсер тудырмайды
Санаулы жағдайларда келесі жанама әсерлер байқалады:
  • бас ауруы;
  • тригеминалды аурулар;
  • мимика бұлшық еттерінің тартуы;
  • бас айналу;
  • жалпы әлсіздік;
  • есту қабілетінің нашарлауы;
  • құрысу синдромы.


Осындай жағдайлар өте сирек кездеседі.
Жайсыздық немесе ауру әсерлері әдетте койлдың орналасуын өзгерткенде жоғалады.
Біршама күрделі жанама әсерлер емдеуді аяқтағаннан соң жоғалады.
Қазіргі уақытта транскраниалды магниттік ынталандыру балалар және ересектер психоневрологиясында ең перспективті әдістемелердің бірі болып табылады.
Оны қолдануғс көрсетілімдер жыл сайын кеңеюде.
Сіздер бұл әдістеме жайлы толығырақ біздің медицина орталығының мамандарынан телефон нөмірі арқылы біле аласыздар +7 (727) 325 02 50 немесе Контактілер
ТЫМ бағасы
ТКМЫ (14 жасқа дейінгі балалар, 1 процедура)
6 000 тг.
ТКМС (ересектео, 1 процедура)
8 000 тг.
Алматы «LS Clinic» клиникасының дәрігерлері
LS Clinic
Mәзір

Жұмыс кестесі

  • ДҮ-ЖҰ: 08:00 — 20:00
  • СЕ: 08:00 — 18:00
  • ЖЕ: 10:00 — 18:00
Контактілер


Пациенттерге көмек көрсету үстелі

Медициналық қызметке лицензия 2010 жылғы 27 қазандағы № 0106703
Фармацевтикалық қызметке лицензия 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 0106501
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке 2017 жылғы 17 тамыздағы № 17014394 лицензия.
2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 17077755 иондаушы сәулеленуді тудыратын құрылғылар мен қондырғыларды өңдеуге арналған лицензия.
«LS Clinic» емдеу-диагностикалық орталығы Алматы
© 2022 Барлық құқықтар қорғалған