Ота жасау бөлімдері
«LS Clinic»-тің хирургиялық бөлімінің ота жасау бөлімдері заманауи қондырғылармен жабдықталған, бұл УДЗ мен рентген бақылауымен, жоғары технологияландырылған, эндовидеожабдықтарын қолдана, лапароскопиялық (жарақат қауіпі төмен) оталарды жүргізуге мүмкіндік береді. Интенсивті терапия палатасы да техниканың соңғы буынымен жабдықталған.

Ота жасау бөлімі Кarl storz заманауи эндоскопиялық жабдықтармен, ең жаңа анастезиологиялық аппаратармен және науқастың өмір көсреткіштерін қадағалайтын құралдармен жабдықталған.

Хирургиялық араласуды өткізу үшін, біз тек бір рет қолданылатын құралдар және шығын материалдарын қолданамыз. Осылайша жұқпалы ауру жұқтыру және отадан соң асқынулар қауіпі барынша төмендейді.
Клиникада барлық көп рет қолданылатын құралдарды толық стерилдеуге арналған, арнайы жабдықталған кеңістік қарастырылған.
Біздің хирургтер, урологтар, гинекологтар, проктолоктар — жоғарғы класс мамандары, жұмыстың көптеген жылдар тәжірибесіне ие және барлық жаңа технологиялар мен әдістемелерді толық көлемде меңгерген.
Біз «LS Clinic»-те заманауи халықаралық стандарттарға сай, жоғары технологияландырылған бейинвазивті және «қансыз» оталарды қолдаймыз. Бұл стационарда емделу уақытын, әрі отадан соң қалыпқа келу процессін айтарлықтай қысқартады. Сонымен қатар, оталық жаралар минималды, отадан соң қалатын тыртықтар көзге түспейді. Науқастың қалыпты өміріне қайту уақыты өте қысқа – әдетте 2-3 күннен аспайды.
Кез-келген хирургиялық отаны өткізу, тіпті азинвазивті әдістемелер қолданылса да, науқастық хирургиялық стационарда болуын қажет етеді. Отадан кейінгі кезеңнің ұзақтығы және стационарда болу уақыты индивидуалды, науқастың жағдайына, өткен ота күрделілігіне және көптеген басқа факторларға тәуелді, және бірнеше сағаттан, бірнеше күндер аралығына болуы мүмкін.т«LS Clinic» стационарлары жайлы толығырақ — мұнда.
LS Clinic
Mәзір

Жұмыс кестесі

  • ДҮ-ЖҰ: 08:00 — 20:00
  • СЕ: 08:00 — 18:00
  • ЖЕ: 10:00 — 18:00
Контактілер


Пациенттерге көмек көрсету үстелі

Медициналық қызметке лицензия 2010 жылғы 27 қазандағы № 0106703
Фармацевтикалық қызметке лицензия 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 0106501
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке 2017 жылғы 17 тамыздағы № 17014394 лицензия.
2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 17077755 иондаушы сәулеленуді тудыратын құрылғылар мен қондырғыларды өңдеуге арналған лицензия.
«LS Clinic» емдеу-диагностикалық орталығы Алматы
© 2022 Барлық құқықтар қорғалған